Нас сүресін тыңдаңыз — Құранның 114-сүресі (6 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.
الناس
قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلنَّاسِ (1)
1. (Оларға) айт: Сақтай көр деп сиынамын адамдардың Раббысына,
مَلِكِ ٱلنَّاسِ (2)
2. адамдардың Иесіне,
إِلَٰهِ ٱلنَّاسِ (3)
3. адамдардың Тәңіріне,
مِن شَرِّ ٱلۡوَسۡوَاسِ ٱلۡخَنَّاسِ (4)
4. әзәзіл шайтанның кесірінен,
ٱلَّذِي يُوَسۡوِسُ فِي صُدُورِ ٱلنَّاسِ (5)
5. адамдардың көкірегіне уәсуәса салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай көр деп сиынамын деп айт),
مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ (6)
6. (Ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да (шығады).
Аударма: Quran.kz
Алдыңғы сүре: 113. Фәләқ (الفلق)