Наср сүресі

Наср сүресін тыңдаңыз — Құранның 110-сүресі (3 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.

النصر

  1. إِذَا جَآءَ نَصۡرُ ٱللَّهِ وَٱلۡفَتۡحُ (1)

    1. Алланың жәрдемі мен (көптеген жеңістерге жол ашқан) ұлы жеңісі келген кезде,

  2. وَرَأَيۡتَ ٱلنَّاسَ يَدۡخُلُونَ فِي دِينِ ٱللَّهِ أَفۡوَاجٗا (2)

    2. Сондай­-ақ адамдардың лек-­легімен Алланың дініне кіргенін көргеніңде,

  3. فَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ وَٱسۡتَغۡفِرۡهُۚ إِنَّهُۥ كَانَ تَوَّابَۢا (3)

    3. Міне, сонда Раббыңды мадақ айтып ұлықта һәм Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубесін қабыл етуші, онымен қоймай, оларды артығымен сауапқа бөлеп, сый­-сияпатқа кенелтуші)!

Аударма: Quran.kz

Алдыңғы сүре: 109. Кәфирун (الكافرون)
Келесі сүре: 111. Тәббәт (المسد)

Құранның 114 сүресі

English · Қазақша · Русский