Фатиха сүресін тыңдаңыз — Құранның 1-сүресі (7 аят), әйгілі қарилардың оқуында. Арабша мәтінді оқылуымен бірге қадағалаңыз, қазақша аудармасы, транскрипциясы және тәпсірі бар.
الفاتحة
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ (1)
1. Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).
ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ (2)
2. Бар мадақ, шүкіршілік атаулы әлемдердің Раббысы – бір Аллаға арналады!
ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ (3)
3. Ол – Рахман, аса рақымды!
مَٰلِكِ يَوۡمِ ٱلدِّينِ (4)
4. Дін (жауапқа тарту, үкім шығару һәм қарымта) күнінің иесі.
إِيَّاكَ نَعۡبُدُ وَإِيَّاكَ نَسۡتَعِينُ (5)
5. (Уа, Жаратқан!) Бір Өзіңе ғана құлшылық етеміз және бір Өзіңнен ғана медет тілейміз!
ٱهۡدِنَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ (6)
6. Бізді (разылығыңа жеткізетін) тура жолға сала көр!
صِرَٰطَ ٱلَّذِينَ أَنۡعَمۡتَ عَلَيۡهِمۡ غَيۡرِ ٱلۡمَغۡضُوبِ عَلَيۡهِمۡ وَلَا ٱلضَّآلِّينَ (7)
7. Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке бөлеген ізгі құлдарыңның жолына (сала көр)!
Аударма: Quran.kz
Келесі сүре: 2. Бақара (البقرة)